Қонақта Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік шекті аспаптар квартеті

Бүгін мектебімізге Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік шекті аспаптар квартеті келді.
1988 жылы біздің мектебімізде құрылған бұл квартет Қазақстанның ең үздік камералық ансамбльдерінің бірі болып саналады.
Шекті квартеттің негізін салушы және құрушысы, ұжымның көркемдік жетекшісі, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, шебер виолончелші Ернар Мыңтаев.
Көптеген халықаралық байқауларда өнер көрсетіп жүрген, мектебіміздің мақтаныштары, Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік шекті аспаптар квартетіне табыс тілейміз! Әрқашан биіктен көріне берулеріне тілектеспіз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған