Мектеп директоры

Нұркен Нұрғалиұлы Әшіров 1985 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Пионер ауылында дүниеге  келген.

2002 жылы А. Жұбанов атындағы РҚМММИ, 2006 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «домбыра, оркестр әртісі, оқытушы» мамандығы бойынша профессор А. Тоқтағанның сыныбынан бітірген.

2013 жылы аталған оқу орнының магистратурасын «дирижер» мамандығы бойынша  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Н.Жарасовтың сыныбынан бітірген. Өнертану магистрі.

Қызметтік жолы:

2003 жылы Н.Тілендиев атындағы (бұрынғы «Отырар сазы» оркестрі) АФЭО әртісі; 2004-2010 ж.ж. оркестрдің Бас концертмейстері;

2007 жылы «Әлқисса» атты тұңғыш күйтабағы жарыққа шықты.

2008 жылдан бері М.Бесбаевтың «Тарту» тобынын мүшесі.

 2009 жылдан А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ ұстазы.

2012 жылдан бері «Халык аспаптары» бөлімінін менгерушісі.

Сонымен қатар 2011 жылдан бері Жамбыл атындағы Казак Мемлекеттік филармониясының солисі кызметін аткаруда.

2014 жылдан бастап өзі кұрган «Талас» этно-поп оркестрінің Көркемдік жетекшісі және Бас дирижеры.

 Нұркен көптеген беделді конурстардын лауреаты. Олардын ішінде eрекше атап өтерлігі:

XXI Республикалык жас орындаушылар конкурсы. Гран-При (2000ж);

Қ. Жантілеуов атындағы I Республикалық конкурсы. I орын. (2002 ж. Орал қ.);

VI «Шабыт» Халыкаралык фестивалі. II орын. Лауреат. (2003 ж. Астана қ.); Құрманғазы ат. VI Халықаралық конкурсы. I орын. Лауреат. (2006 ж. Астана қ.);

Н. Тілендиев ат. «Кел, еркем, Алатауыңа» атты II Халыкаралық конкурс.    Гран-При. (2009 ж. Тараз қ.);

т.б. байқаулар.

Нұркен қазактың кара домбырасын Казакстан мадениет күндері аясында Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ, Швейцария, Франция, Словения, Қытай, Жапония, БАӘ, Сауд Aрабиясы, Йордания, Түркия, Әзірбайжан, Германия, Австрия, Қытай, т.б. елдерде шыркатып, әлем халкын домбыра үніне таң қалдырған дәулескер күйші. Әлемге әйгілі Нью-Йорктағы «Карнеги Холл», Вашингтондағы «Кеннеди центр», сондай-ак Токио қаласындағы «Сантори Холл», «Персимон Холл», Пекин қаласындағы «Опера хаус», Вена каласындағы «Хофбург» патша сарайы, «Концертхаус» концерт залы, Берлиндегi «Конгресс Холл», Париж қаласындагы ЮНЕСКО штаб пәтерінің залында, т.б. әлемдік сахналарда күй тарткан бірден-бір саңылак өнерпаз.

2000 жылдан бері Қазақстан қалаларында жиі жеке күй кештерін өткізіп тұрады. Сонымен катар 2013 жылы, 2015 жылы Вена қаласында, Париж бен Словения астанасы Любляна шаһарында да жеке концерттерін өткізген.

2014 жылы ЮНЕСКО-ның «Әлемнің материалдық емес құндылықтарының» тізіміне қазақтың күйін енгізуге ат салысып, Париж қаласындағы ЮНЕСКО жиынына катысып келді.

2001 жылдан бастап еліміздеrі атаулы мерекелердің барлығында дерлік гала-концерттерінде тұрақты өнер көрсетіп келеді. Олардың ішінде 2001 жылы Астана қаласының «Конгресс-Холл», «Қазақстан» ОКЗ, Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайларында өткен Тәуелсіздігіміздің 10 жылдық мерекесіне арналған мемлекеттік концерттер:

  • Тәуелсіздігіміздің 15, 20 жылдығы,
  • Конститутциямыздың 15, 20 жылдығы,
  • ОБСЕ Қазақстан төрелік ету кұрметіне арналған Вена және Астана қалаларында өткен Гала-концерт,
  • ШЫҰ 10 жылдығы,
  • Eyразиялық Одактың құрылуына арналған 5 мемлекеттің Президенттерi катыскан Гала-концерттерде жеке домбырамен өнер көрсеткен.

Оның репертуарында қазақ дәстүрлі күйшілік мектептерінің барлык дерлік күйлері, сондай-ақ шетел шығармалары да камтылған.

Нұркен көптеген шығармалардың авторы. Оның шығарған «Кемел», «Жырқисса», «Аңырақай», «Шұғыла», «Ақ кеме», «Балдырған» сияқты т.б. шығармалары Кұрманғазы, Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрі мен жеке орындаушылардың репертуарынан берік орын алған.

2009 жылдан бастап 2015 жыл аралығындағы Президент тағайындаған Мемлекеттік стипендия иегері.

2012 жылы Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты.

Қазақ ұлттық өнерін насихаттаудағы ерен еңбектері мен зор жетістіктері үшін ҚР Президенті Жарлығымен Н.Әшіровке 2012 жылы «Қазақстанның еңбек сінірген қайраткері» атағы берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған