Абай- дара, Абай- дана қазақта

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, мектебіміздің 3-сынып оқушыларының “Абай- дара, Абай- дана қазақта” атты ашық сабағы өтті.

Абай Құнанбайұлын барша қазақ мойындап, қалдырған әрбір сөздерін үлгі тұтып келеді. Балалар ақынның өлеңдерін оқу арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа ұмтылып өседі. Білімге деген құштарлықтары артады, сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамытады.

3-сынып жетекшілері Арзан Айтбайқызы мен Гүлжан Бекжігітқызының ұйымдастыруымен өткен бұл ашық сабақта оқушылар Абайдың өлеңдерін жатқа айтып, Абай туралы сұрақтардың барлығына да жауап беріп, кішкентай кездерінен-ақ дара тұлғамызды үлгі тұтып өсіп келе жатқандарын көрсетті.