Қонақта Алмалы ауданының әкімі Бекқали Нұрғалиұлы

Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-да Алматы қаласы Алмалы ауданына қарасты білім ордаларының ұстаздарына арналған мерекелік концерт өтті.

Концертке Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Торғаев Бекқали Нұрғалиұлы да қатысты. Үздік ұстаздарды марапаттап, мектебіміздің 55 жылдығымен құттықтады! Сонымен қатар, Бекқали Нұрғалиұлы мектебіміздің мұражайын тамашалап, мектебіміздің асыл мұралары мен Ахмет Жұбановтың қолданған құнды заттарымен танысып, Жұбанов мектебінің тарихына сыр шертіп, 55 жыл ішінде қалай дамығанын тамашалады.

Қонақта Алмалы ауданының әкімі Бекқали Нұрғалиұлы