Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауының жабылу салтанаты

Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы өз мәресіне жетті. 
Жыл сайын өткізу дәстүрге айналған бұл байқаудың жабылу салтанатында 5 күн бойы оқушылардың өнерін шынайы бағалаған әділ қазылар алқасына мектеп әкімшілігі марапат білдіріп, шет елдерден келген әділ қазылар мүшесіне шапан кигізіп, қонақжайлығымызды білдірді. 
Балаларды алға жетелеп, ары қарай өнерін шыңдауға жетелейтін бұл байқауға қатысқан әрбір баланың бойында дарыны бар. 
Биыл бұл байқаудың Бас жүлдесін төмендегі тізімдегі оқушылар жеңіп алды: 
1. Ярмолович Олег (скрипка)
2. Кадыржанова Нурканифа (скрипка)
3. Ажикенова Данагүл (виолончель)
4. Орынбасар Алмат (контрабас)
5. Даурбай Нұрислам (валторна)
6. Оспанбаева Аяжан (гобой)
7. Салихов Қадырәлі (ұрмалы аспап)
8. Жолдыбек Бақдәулет (фагот)