Музыкалық-теориялық пәндері бойынша оқушылар арасындағы VI Республикалық олимпиада

30 қазан мен 2 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ ұлттық өнер университетінде “Музыкалық-теориялық пәндері бойынша оқушылар арасындағы VI Республикалық олимпиада өтті.

“Музыка теориясы” ПЦК оқытушылары ұйымдастырған бұл жобаға оқушылар үлкен құлшыныспен қатысты. Олимпиаданың тақырыптық бағыттары сольфеджио, музыка теориясы және музыкалық әдебиетке негізделген. Республиканың түрлі қалаларынан келген көптеген оқушылар қатысқан бұл олимпиадаға біздің мектебіміздің 5″А” сынып оқушылары Музыка теориясы/сольфеджио номинациясы бойынша қатысып жүлделі орындарға ие болды:

I дәрежелі диплом: Жаканай Нұрали

II дәрежелі диплом
Нұрғали Нұрғиса
Қаныбек Айдын

Сонымен қатар, оқушыларды олимпиадаға дайындағаны үшін мектеп мұғалімі Рысдаулетова Гульнарям Абдугалиевна алғыс хатпен марапатталды.

Осылайша, мектеп оқушылары тұлға ретінде қалыптасуларына жаңа тәжірибе жинап қайтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған