1 тоқсанды қорытындылау бойынша педагогикалық кеңес өтті

2019 оқу жылының 1-ші тоқсанын қорытындылау бойынша педагогикалық кеңес өтті. Бөлім меңгерушілерінің есебі баяндалып, Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауының қорытынды есебі жүргізіліп, алдағы оқу тоқсанына жоспар құрылды.

Педагогикалық кеңес барысында, мектебіміздің халық аспаптар бөлімінің ұстазы, ҚР Білім беру ісінің үздігі Карибаев Турехан Жаңабергенұлының 60 жасқа толуына орай, мектеп ұжымы құттықтау білдірді. Жақсы жаңалықпен жалғасқан жиын барысында, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың атынан Еліміздің әлеуметтік-мәдени саласында атқарған жемісті еңбегі мен елеулі үлесі үшін скрипка бөлімінің меңгерушісі Жаннат Омаровна Құрмет грамотасымен және арнайы фортепиано бөлімінің ұстазы Гаухар Сериковна алғыс хатпен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған