Жаңа жыл мейрамына арналған мерекелік кеш

26 желтоқсан күні мектебімізде 12-сыныптардың ұйымдастыруымен Жаңа жыл мейрамына арналған мерекелік кеш өтті.

Мереке қарсаңында мектеп акт залы әсем безендіріліп, көптен күткен биылғы жаңа жыл да өзінің ерекшелігімен көрермендерді шаттыққа бөледі. Мультфильм кейіпкерлері “Том және Джерри” жыл басы болуға таласып, арнайы ойындар ойнатып, ұтымды әзілдер айтып, қызықты қойылым қойды. Аяз ата мен ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Жиналған қауым өте жақсы көңіл күйде болды.

Барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Жаңа 2020 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыстар мол болсын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған