«Тәуелсіз ел – Қазақстан» атты ашық тәрбие сағаты

12-ші желтоқсан күні интернатта 2-сынып тәрбиешілері Раймқұлова Жанат пен Мураскалиева Гүлбаршынның ұйымдастыруымен «Тәуелсіз ел – Қазақстан» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: оқушыларды еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, елін, жерін сүюге, ұлтшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу болды. Тәрбие сағатының барысында, жас бүлдіршіндер Отанға арнап өлең оқып, ән айтып қана қоймай, ізденпаз, қызығушылықтары жоғары балдырған екендерін көрсетті.
Қорытынды сөзді интернат меңгерушісі Темірбекова Қарлығаш Әлиасқарқызы аяқтап, білім мен өнер әлеміне енді ғана аяқ басып келе жатқан балаларға сәттілік тілеп, Отанға деген сүйіспеншіліктерің әрдайым жоғары болып, болашақта еңбектерің Тәуелсіз елімізде жалғасын тапсын деген тілек білдірді.

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күн елімізге бақыт, бақ-дәулет, ырыс алып келсін. Қазақстанымыз тұрақты дамып, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған