Мелькова Галина Алексеевнаның мұғалімдік қызметінің 50 жылдығына арналған концерт

Мектебіміздің арнайы фортепиано бөлімінің ұстазы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Мәдениет қайраткері, «ҚҰРМЕТ» орденінің иегері Мелькова Галина Алексеевнаның мұғалімдік қызметіне 50 жылдық мерейтойлық концерті өтті.

Галина Алексеевна жарты ғасыр бойы оқушылардың музыкалық қабілеттерін ашып, жеке тұлға ретінде қалыптасуларына зор еңбек сіңірді. Бүгінгі шәкірттерінің қойылымы соның бір дәлелі. Мерейтойға арнайы Нұр-Сұлтан қаласынан келген шәкірттері мен мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, ұстаздарына арнап фортепианода концерттік пьеса жазып, хор айтып, ақ тілектерін білдірді.

Өмірде де өнерде де шәкірттерінің азамат болып қалыптасуларына жол ашып, әлі күнге дейін адал еңбек етіп келеді. Бүгінде мектеп түлектері өнерде өз жолдарын тауып, халықтың ықыласына бөленіп келеді.

Галина Алексеевнаға шексіз алғыс айта отырып, алдағы уақытта да көптеген лауреаттар тәрбиелеп, еңбегі бағаланып, денсаулығы мықты, өмір жасы ұзақ болсын деп тілейміз!