6 “Ә” сынып оқушылары тыл ардагері Күлбибі Абдуллинаның үйінде

6 “Ә” сынып оқушылары “7 игі іс” аясында тыл ардагері Күлбибі Абдуллинаның үйіне барып қайтты. Жастайынан еліне адал еңбек еткен әжейдің әңгімесін, соғыс жылдары еткен еңбек жолын, өмірбаянын тыңдады.

Қазақ халқы қариясын қадірлеп, қартын құрметтеген халық. Тыл ардагерлері балалық шақтарын қара жұмысқа арнап, ерте есеюге мәжбүр болған. Белі қатпай жатып, ауыр жұмысқа араласқан. Асыр салып ойнамақ түгілі, білім алуға да уақыттары болмаған.

Жеңісті жақындатқандар қатарында қарапайым жұмысшы халықтың үлесі зор. Сол бір сұмдық кезеңде жүздеген кәрі мен жас, әйел мен бала тәулігіне 24 сағат еңбек етті. Сондықтан олардың ерлігін ешқашан ұмытпау керек.

Қазіргі таңда Күлбибі әже бейбітшілік заманға шүкіршілік етіп жүр. Көңілін аулап келген оқушыларға өз батасын берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған