Коронавирус індетінінің құрбандарын 1 минуттық үнсіздікпен еске алу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы коронавирус пандемиясына байланысты үндеуінде 13 шілде күнін – Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.

Осыған орай Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ мекемесіндегі барлық тулар түсірілді. Мектеп директоры Әшіров Нұркен Нұрғалиұлы сағат 12:00-де мектеп ұжымымен жиналыс өткізіп, індет құрбандарын 1 минуттық үнсіздікпен еске алды.

Жиналыс барысында мектеп директоры барлық қызметкерлерді сабырлық сақтай отырып, енгізілген шектеулерге жауапкершілікпен қарап, барынша сақтанып, вирустың таралмауына ат салысып, ауызбіршілігімізді жоғалтпай, шамаларымыз жеткенше көмекке мұқтаж жандарға қол үшін беруге шақырды.