Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аясында мектебіміздің аяулы ұстаздары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталды

Мәдениет саласының қызметкерлері айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман ретінде өнерге берілген өнерлі жандар.

Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аясында мектебіміздің аяулы ұстаздарын ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова еліміздің мәдениет және өнер саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылығын сақтап, саланы дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін құрмет білдірді.

Тайшибекова Алия Искаковна және Шашкова Ольга Константиновна “МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ” төсбелгісімен марапатталды.

ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН: Буенбаев Мұхамет Абдыбакасович, Ташимова Асель Махсутхановна, Турабаева Раушан Сагидоллаевна МАРАПАТТАЛДЫ!

АЛҒЫС ХАТПЕН: Рысдаулетова Гульнара Алыпбековна және Орынбекова Динара Асылжановна МАРАПАТТАЛДЫ!

Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Қашан да мәдениеттің жанашыры ретінде жұмыстарыңызды абыроймен атқарып, еңбектеріңіз қашан да жоғары деңгейде көрініс табуына тілектеспіз!