Әшіров Нұркен Нұрғалиұлы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

Елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқы бірлігін қамтамасыз етуге, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлінің артуына, Қазақстанның бейбітшілік пен келісім тәжірибесін шет елдерде таратуға және Қазақстан мен өзге мемлекеттер халықтары арасындағы достық қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін мектебіміздің директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әшіров Нұркен Нұрғалиұлы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

Нұркен Нұрғалиұлын қазақ мәдениеті мен өнерін жаһанға насихаттау жолындағы еңбегі мен асыл өнерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу жолында, әрқашан үздік нәтижеге қол жеткізу үшін күш-жігері мен талантының, еңбексүйгіштігінің арқасында марапатталған медалімен шын жүректен құттықтаймыз!