Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын талқылауға арналған жиын

Бүгін zoom платформасы арқылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік құндылықтарын дамуымыздың жаңа кезеңімен байланыста байыптаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын талқылауға арналған жиын болды.

Жиынды ашқан мектеп директоры Нұркен Әшіров мақала туралы өз ой-толғамдарын ортаға салды: «Мақалада өзекті мәселелер қозғалған. Дұрыс бағытқа жол көрсетілген. Бірлігіміз бекем болып, іске көшейік! Шынында адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. Ол білім мен тәрбие алатын мектебі өзінің болашақтағы жеке мақсат-мүдделері қоғам игілігімен үндесіп, елінің дамуына елеулі үлес қосатын азамат болуына тікелей әсер етеді. Сондықтан, оқушыларымыз білімді және өнерлі ғана емес, тарихын жақсы білетін, патриот болып өсулері керек. Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек», — деп еліміздің күннен күнге нығайып, дамуына аянбай еңбек ететін жас ұрпақ тәрбиелеу керектігін айтты.

Осы мақала бойынша ұстаздар пікірлерін білдіріп, тарихи даталарға толы биылғы жылдың бізге жүктейтін міндеттеріне тоқталды. Жас ұрпақтың тарихи санасы айқын, әрі берік болуын әрқашан назарда ұстау керек екендігі жайлы пікірлер айтылды.

Президентіміздің мақаласында айтылған мағыналы ойлардың барлығы талқыланып, алдағы жұмысқа үлкен мақсат қойылды.