Мектебіміздің 12 – сынып оқушысы Ракишева Ажар Сериковна “Елбасы Медалі” жобасының қола медаль иегері атанды.

«2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы белсенді және талантты жастарды қолдау бойынша «Ел үміті» жалпыұлттық саясатын ұсынды. Бұл бастама аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры дарынды балаларды анықтайтын «Қабілет», «Елбасы медалі» сынды бірнеше бірегей жобаны қолға алды. «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысу тәртібі Үкімет қаулысымен бекітіліп, Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өткен болатын.

Ажарды шын жүректен құттықтаймыз және болашақта да бағындырар белестері көп болсын деп тілейміз!