ҚР “Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің басшысы Қамзолдаев Марат Болысбекұлымен мектеп әкімшілігінің жиналысы өтті

2021 жылдың 12 сәуір күні “Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің басшысы Қамзолдаев Марат Болысбекұлы Сыбайлас жемқорлыққа қатысты жаңа заңнамаларды таныстыру мақсатында мектеп әкімшілігімен жиналыс өткізді.
Жобалық кеңсенің басшысы Марат Болысбекұлы жиналыс барысында қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, сыбайлас жемқорлықты болдырмау шараларын қарастыру жолдарын түсіндірді.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның дамуына кедергі келтіруде. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.

Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесі біздің мектебімізде де құрылғанын естеріңізге саламыз. Карантиндік талаптарға сай жобалық кеңсе өз жұмысын онлайн атқаруда.
Сенім телефондары:
+7701 113 48 77
+7 701 606 51 15
E-mail: adaldyk_juban@mail.ru