Әлия Қаһарманқызы Бөпежановамен кездесу

Мектебімізге журналист, аудармашы, әдебиеттанушы, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Алаш” халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан журналистер академиясының академигі, М. Әуезов атындағы ұлттық академиялық драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Әлия Қаһарманқызы Бөпежанова келді.

Қонаққа шақыруымыздың басты себебі — оқушыларды кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту. Әлия Бөпежанова өмірін өзгерткен және ең жақсы көретін кітаптары туралы, таңдаған мамандығы, кітаптарын қалай жазғанынан сыр шертті. Сонымен қатар, мектебіміздің кітапханасына өзінің «Мұнара», «Саха сәулесі», «Атырау облыстық драма театры» атты 3 кітабын сыйға тартты.

Кездесу соңында оқушыларымыз Әлия Қаһарманқызының өнегелі әңгімелері үшін алғыс ретінде өнерлерін көрсетті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Светлана Мұратқызы Батырбекова әдеби-шығармашылық кездесуге уақытын бөліп, оқушыларға көп қызықты әрі пайдалы мағлұматтар бергені үшін Әлия Қаһарманқызына зор алғысы мен ризашылығын білдірді.