2021-2022 оқу жылына оқушыларды қабылдау конкурсының I кезеңі өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі 2021 жылдың 1 маусым күні Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатына 2021-2022 оқу жылына 1-ші және 2-ші сыныпқа  оқушыларды қабылдау конкурсының I кезеңі өтті. Талапкерлер әртүрлі жанрдағы музыкалық шығармалардан үзінділерді орындады, комиссия мүшелері әннің темпін дұрыс айтуына, музыкалық ерекшеліктерін дұрыс орындауын басты назарға алды. Олардың музыканы тыңдау, есте сақтау қабілеттері тексерілді.

Бүгінгі байқауда қабылдау комиссиясы 73 үміткерді тыңдады.  Мектеп-интернаттың жетекші педагогтарынан құралған комиссия мүшелері: Н.Н. Аширов,  С.А. Оспанкулова, Н.Е. Бекназаров, Ж.О. Набиева, А.У. Сабденалиева, Г.К. Казыбекова, Т.Ж. Исенов және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі – Сақтағанова Айгүл Әбдіғапбарқызы қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және кері байланыс орнату мақсатында мектеп сайтында көрсетілген сенім телефондарына хабарласу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, сынақтар кезінде үміткерлердің тыңдалымдары ұялы телефонның бейнекамерасына  түсірілді.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында  конкурстық іріктеу кезінде барлық санитарлық талаптар орындалды.

Байқаудың І турының қорытындысы комиссия отырысында талқыланды. 1-ші сыныпқа  61 үміткер құжат тапсырып, II турға 32 бала өтті. 2-ші сыныпқа 12 бала құжат тапсырып, II турға 3 бала жіберілді.

2-ші кезеңге өткен талапкерлер:

 1Нұрсейтқызы Баян
 2Абдулла Диана
 3Ашимов Мұстафа
 4Жилибай Бақыт
 5Керейбаева Ару
 6Бақытжан Айзере
 7Бекназаров Амир
 8Базарбай Айзере
 9Нигмат Айсултан
 10Турбаев Назар
 11Сайн Айша
 12Пайзуллаева Зилала
 13Тоқтасын Әли
 14Ернарқызы Інжу
 15Шешенқұл Расул
 16Ерболатқызы Сезім
 17Жарылқасын Әбілхайыр
 18Тұрсын Тұнық
 19Иса Аяла
 20Дулатқали Аяла
 21Асылбек Аруай
 22Бекмухамедова Агата
 23Бақытбек Сулейман
 24Жұмабек Алан
 25Бақкелді Раяна
 26Сұлтанбай Ерасыл
 27Батырхан Бексұлтан
 28Әлібек Рустем
 29Ғабит Кәусар
 30Жұмабай Гауһар
 31Қалдыхан Раяна
 32Қаратай Алтынай
 33Нұрсейтқызы Раяна
 34Қуатбек Фариза
 35Қыдырмолда Айзере

Құрметті ата-аналар, апелляцияға 2 маусым сағат 14.00-ге дейін берулеріңізге болады.

Қосымша мәлімет алу үшін:

+7 701 838 15 30 Алмат Ардақұлы

+7 707 113 08 97 Дина Мухсимова