2021-2022 оқу жылына 1-ші және 2-ші сыныпқа оқушыларды қабылдау конкурсының II кезеңі және басқа да сыныптарға қабылдау конкурсының I кезеңі өтті.

2021 жылдың 3 маусым күні Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатына 2021-2022 оқу жылына 1-ші және 2-ші сыныпқа  оқушыларды қабылдау конкурсының II кезеңі және басқа да сыныптарға қабылдау конкурсының I кезеңі өтті. Талапкерлердің қабілетін мектеп-интернаттың жетекші педагогтарынан құралған комиссия мүшелері бағалады. Құрамында: Н.Н. Аширов, Н.Е. Бекназаров, Ж.О. Набиева, А.У. Сабденалиева, Г.К. Казыбекова, Т.Ж. Исенов және комиссия жұмысын бақылаушы ретінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі – Сақтағанова Айгүл Әбдіғапбарқызы қатысты.

Талапкерлер әртүрлі аспаптарда өнерлерін, табиғи музыкалық қабілеттерін көрсетті, күрделі формада тактілерден үзінділерді орындады. Комиссия мүшелері балалардың аспапқа қарай икемдерін, қолдарын, тістерін, музыканы тыңдау, есте сақтау қабілеттерін тексерді. 3-7 – сыныптың кейбір балалары арнайы музыкалық дайындықпен келген: фортепиано, домбыра, қобыз, скрипка, баян, флейта, саксофон аспаптарында орындап, бақ сынады.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және кері байланыс орнату мақсатында мектеп сайтында көрсетілген сенім телефондарына хабарласу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, сынақтар кезінде үміткерлердің тыңдалымдары бейнекамераға  түсірілді.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында  конкурстық іріктеу кезінде барлық санитарлық талаптар орындалды.

Байқаудың IІ турының қорытындысы комиссия отырысында талқыланды. Бүгінгі емтиханға 90 талапкер өтініш берді, 87 талапкер емтиханға келді, 45 талапкер III кезеңге өтті. 1 – сыныптың II кезеңіне 39 оқушы өткен болатын, оның ішінде 3 оқушы емтиханға келмеді, 36 оқушы тыңдалды, 27 оқушы III кезеңге өтті. 2 – сыныпқа 3 оқушы таңдалып, 2 оқушы III кезеңге өтті. 3 – сыныпқа 11 оқушы тыңдалып, 4 оқушы келесі кезеңге өтті. 4 – сыныпқа 13 оқушы тыңдалып, 6 оқушы келесі кезеңге өтті. 5 – сыныпқа 11 оқушы тыңдалып, 4 оқушы келесі кезеңге өтті. 6 – сыныпқа 2 оқушы тыңдалып, 2 оқушы да келесі кезеңге өтті. 7 – сыныпқа 5 оқушы тыңдалды, ешкім келесі кезеңге өтпеді. 8 – сыныпқа 2 оқушы тыңдалды, келесі кезеңге ешкім өткен жоқ.

                Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша

                ІІІ турға өткізілген үміткерлердің тізімі

Аты-жөні  Жасы  Сыныбы  
 1Нұрсейтқызы Баян6 жас1 сынып
 2Абдулла Диана7 жас1 сынып
 3Ашимов Мұстафа6 жас1 сынып
 4Жилибай Бақыт6 жас1 сынып
 5Керейбаева Ару7 жас1 сынып
 6Бақытжан Айзере7 жас1 сынып
 7Бекназаров Амир6 жас1 сынып
 8Базарбай Айзере6 жас1 сынып
 9Нигмат Айсултан7 жас1 сынып
 10Турбаев Назар7 жас1 сынып
 11Сайн Айша6 жас1 сынып
 12Пайзуллаева Зилала6 жас1 сынып
 13Ернарқызы Інжу6 жас1 сынып
 14Ерболатқызы Сезім6 жас1 сынып
 15Жарылқасын Әбілхайыр7 жас1 сынып
 16Иса Аяла6 жас1 сынып
 17Асылбек Аруай6 жас1 сынып
 18Бекмухамедова Агата6 жас1 сынып
 19Бақытбек Сулейман6 жас1 сынып
 20Жұмабек Алан6 жас1 сынып
 21Берікқұл Сара6 жас1 сынып
 22Тұрақбай Думан7 жас1 сынып
 23Сұлтанбай Ерасыл7 жас1 сынып
 24Батырхан Бексұлтан6 жас1 сынып
 25Әлібек Рустем7 жас1 сынып
 26Жұмабай Гауһар6 жас1 сынып
 27Қаратай Алтынай7 жас1 сынып
 28Нұрсейтқызы Раяна7 жас2 сынып
 29Қуатбек Фариза7 жас2 сынып

Ваканттық орындарға конкурстық іріктеудің ІІ кезеңіне жіберілген

үміткерлердің тізімі

Аты-жөні  Жасы  Сыныбы  Жылы
 1Ернарқызы Венера8 жас3 сынып2013 жыл
2 Беласар Нұрсұлтан8 жас3 сынып2012 жыл
 3Арипжан Алихан9 жас3 сынып2012 жыл
 4Дәулет Дарын8 жас3 сынып2013 жыл
 5Рахман Алишер10 жас4 сынып2010 жыл
 6Әбілахат Дина10 жас4 сынып2011 жыл
 7Жумабаева Агата10 жас4 сынып2011 жыл
 8Болатбек Нариман8 жас4 сынып2013 жыл
 9Даниярқызы Жасмин9 жас4 сынып2011 жыл
 10Құдайберген Азамат10 жас4 сынып2011 жыл
 11Досмахамбет Әбдісалам10 жас5 сынып2011 жыл
 12Айдаров Адиль10 жас5 сынып2011 жыл
 13Ерболат Бақпер11 жас5 сынып2010 жыл
 14Жаббаров Алматбек11 жас5 сынып2010 жыл
15 Айдаров Рухулла11 жас6 сынып2008 жыл
 16Аяз Мансұр11 жас6 сынып2010 жыл

Құрметті ата-аналар, апелляцияға 4 маусым сағат 14.00-ге дейін берулеріңізге болады.

Қосымша мәлімет алу үшін:

+7 701 838 15 30 Алмат Ардақұлы

+7 707 113 08 97 Дина Мухсимова