“Дети и Мастера” атты концертке шақырамыз

28 маусым күні сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен сахнасында филармония солистері Еркебулан Сапарбаев (скрипка) пен Ержан Кушанов (флейта) арнайы шақыртылған қонақтармен, жасөспірім музыканттар, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ оқушыларынан құрылған JUBAND тобымен және джаз өнерінің шебер орындаушысы әрі еліміздегі осы бағыттың негізін қалаушылардың бірі Фархат Ибрагимовпен бірге өнер көрсетеді.ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, «Сәлем, әлем!» ұранымен өтетін концерттік бағдарламада Д.Эллингтонның, Ч.Паркердің. М.Дэвистің, Х.Хэнкоктың, Ч.Кореаның, С.Шаменовтың шығармалары, джаздан бастап фольклорға дейінгі музыканың әр түрлі жанрлары орындалады.