Мектебіміздің оқушылары Суздаль қаласында өткен “Новые имена” фондының тарихындағы ең бірінші қазақстандықтар

Мектебіміздің оқушылары жазғы демалыстарын тиімді өткізуде. 10 – сынып оқушысы Қадыржанова Нурканифа (Ұстазы: С.С. Жусупова) және 11 – сынып оқушысы Мұхтарұлы Азамат (Ұстазы: А.Е. Эмреева) Суздаль қаласында өткен “Новые имена” фондының тарихындағы ең бірінші қазақстандықтар.

Фондтың президенті – атақты пианист Денис Мацуев. Мектебіміздің оқушылары Москва қаласының Центрлік музыкалық мектебі және Гнесин атындағы музыкалық мектебінің тәжірибелі мұғалімдері – Зауре Жарова мен Людмила Кружковадан шеберлік сағаттар алды. Балалар тек солист ретінде ғана емес, камерный ансамбль, квартет, ішекті ансамбль, оркестрлерге де қатысып, мектебімізді жоғары деңгейде көрсетті.Ресейден жинаған мол тәжірибе, тыңдалған дәрістер, шығармашылық кездесулер мен экскурсиялар оқушыларымыздың дүниетанымдарын кеңейтті. Оқушыларымыздың барлығы жаңа оқу жылына жаңа күш-жігермен оралсын деп тілейміз!