Мектеп түлектері Мәскеу мемлекеттік консерваториясында концерт өткізді.

23 маусым күні Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Рассвет» атты концерт өтті. Концертте мектебіміздің ұстазы Гүлжан Қайыпбекқызы Қазыбекованың шәкірттері: Ернұр Еламан, Рақымов Бекзат, Көпбаев Санжарали, Абдугулов Расул өнер көрсетті. Бұл іс-шара Қазақстан мен Ресей арасындағы шығармашылық байланыстарды, мәдени алмасуларды нығайтуға, жас қазақстандық музыканттардың орындау шеберлігін және Қазақстанның заманауи сазгерлерінің шығармашылығын көрсетуге бағытталған.