2021-2022 оқу жылына мектепте орындар босауына байланысты, 1,2 – сыныпқа қабылдауға қосымша конкурстық іріктеу жариялаймыз

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылына мектепте орындар босауына байланысты,  1,2 сыныпқа келесі мамандықтар бойынша қабылдауға қосымша конкурстық іріктеу жариялайды:

  • арнайы фортепиано;
  • ішекті аспаптар (скрипка, альт, виолончель, контрабас);
  • үрлемелі және ұрмалы аспаптар (флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон, валторна, труба, тромбон, туба, саксофон және ұрмалы аспаптар);
  • халық аспаптары (домбыра, қобыз, баян, домбра-прима, шертер).  

Іріктеу конкурсының өткізілетін уақыты:

I кезең – 25 тамыз, сағат – 09:00 – тыңдау;

II кезең – 26 тамыз, сағат – 09:00 – тыңдау және психологиялық тест;

III кезең – 27 тамыз, сағат – 09:00 – тыңдау;

28 тамыз  емтихан қорытындысы шығарылады.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Әуезов к-сі, 66/5

Анықтама телефондары: 8 (727) 375 55 42;

Ардақұлы Алмат – 8 701 838 15 30;

Мухсимова Дина – 8 707 113 08 97.

Ата-аналардың (немесе өзге де заңды өкілдердің) назарына!!!    

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында санитарлық-дезинфекциялық режим қатаң сақталуы қажет:

  • кез келген аурудың белгілері бар, немесе дене қызуы бар үміткер тыңдалымға, емтиханға кіргізілмейді;
  • маскасыз тыңдауға кіруге рұқсат етілмейді);
  • үміткерді белгіленген кестеге сәйкес конкурстық турға кешіктірмей алып келіп, тыңдау аяқталғаннан кейін бірден алып кету қажет.

I кезең – табиғи музыкалық қабілеттерінің бар болуын тексеру үшін тестілеу (музыкалық есте сақтау, есту, ырғақ, интонация және т. б. тексеру), аспапқа  бейімділігі, ойнау аппаратының сәйкес болуы және т. б.

II кезең – балалардың музыкалық дарынды балаларға арналған мектепте оқуға психологиялық дайындығын анықтау үшін тестілеу (Жеке дайындығы –эмоционалдық тұрақтылығы. Интеллектуалдық дайындығы – жалпы дамуы, ой өрісі, сөздік  қоры, ауызекі сөйлеу тілі, ұсақ заттармен іс-қимыл жасауды меңгеруі, танымдық процестерінің дамуы (зейін, есте сақтау, ойлау, елестету), ақпаратты талдай білуі, жинақтау, жүйелеу мүмкіндіктері, қорытынды жасауы; Әлеуметтік-психологиялық дайындығы – баланың басқа балалармен қолайлы қарым-қатынас орната білуі, бірлесе жұмыс істей білуі, тыңдай білуі мен қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауы.)

III кезең – музыкалық есте сақтау қабілетін анықтауға арналған тестілеу (тапсырма күрделенеді: 4 және одан да көп тактілі әуен үзінділері орындалады,  күрделенген ырғақты тапсырмалар беріледі, ал дайындығы бар балалар үшін аспапта бірнеше шығарма орындау ұсынылады)

         Мектеп Ережесіне сәйкес 3 кезеңнен өткен және кезеңдер қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған талапкерлер 1-сыныпқа қабылданады. Қабылдау комиссиясының шешімімен баланы икеміне қарай аспаптарға бөледі. Баланы мамандықтарға бөлу – комиссия құзырында.