Айгүл Қайыржанқызы Ғабдуллинаның “Назқоңыр” атты кітабының тұсаукесері өтті

Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының гобой сыныбының оқытушысы, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері А.Қ. Ғабдуллинаның «Гобой аспабына арналған қазақ әндерінен құралған пьесалар» оқу құралының тұсаукесері өтті.

Гобой – үрмелі аспаптардың ішінде ең ежелгі аспаптардың бірі. «Гобой» (фр. hautbois сөзбе-сөз аударғанда «жоғары сападағы ағаш», ағылшынша, немісше және итальянша oboe ) – жіңішке дауысты ағаштан жасалынатын үрмелі аспап.Музыка аспаптарының ішінде гобойдың дыбысы адамның даусына жақын келеді. Осыны ескере отырып, бұл оқу құралына қазақтың халық және халық композиторларының әндері кіргізілді. Таңдалған әндер гобойдың әуезді үніне үйлесімді болып, гобой аспабының орындауына ыңғайлатылып дайындалды.Гобой аспабын меңгере бастаған оқушылардың Еуропа, Ресей композиторларының шығармаларымен қатар қазақтың халық әндерін орындауы өте маңызды.Автордың көздеген мақсаты – бұл оқу құралы арқылы білім беру жүйесінде ұлттық мәдениетіміздің өркендеуіне, халқымыздың музыкалық асыл қазынасын дәріптеуге, жас музыканттарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге үлес қосу.