Бастауыш сынып бірлестігінің концерті

Бастауыш сынып бірлестігі «Тәуелсіз елдің болашағы» атты мерекелік кеш өткізді! Жас бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсету арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктерін де көрсете білді. Әрбір оқушының бойындағы патриотық сезімдері ерекше сезілді.

Кеше ғана мектебіміздің табалдырығын аттап, өнерге бет бұрған кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерлеріне тәнті болып, талай киелі сахналарды бағындыратын ұрпақ болып өсіп келе жатқандары қуантты. Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздіктің ақ таңын көріп, алаңсыз білім алып жүрген бүлдіршіндер 1986 жылы алаңға шыққан ата-апаларына концерттік бағдарлама дайындап, алғыстарын білдірді. Тәуелсіз елімізде алаңсыз ойнап-күліп, сапалы білім алып жүрген бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болсын! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Көк байрағымыз көк аспанымызда желбірей берсін!