Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл

Халық аспаптар бөлімі Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай, “Әсем қоңыр” атты лекция-концертін өткізді. Ұстаздар мен оқушылар Динаның күйлерін орындап, концертті жүргізуші Саян Ақмолда әрбір күйінің шығу тарихын, өнер жолын баяндап отырды. Қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктеткен, Қазақстанның музыка мәдениетінде аты аңызға айналған әйгілі күйшілердің бірі – Дина Нұрпейісова. Құрманғазының батасын алған, «Домбыраның Жамбылы» атанған, күйшінің домбыра техникасын теңдессіз меңгеріп, қос қолмен бірдей домбыра шертудегі шеберлігін көргендер таң қалып, таңдай қаққан. Дина Нұрпейісованың шығарған күйлері қазақ домбыра музыкасының классикасына айналды.