16 қараша күні мектебімізде Ференц (Франц) Листің 210 жылдығына арналған арнайы фортепиано бөлімінің концерті өтті

Ференц Лист 1811 жылдың 22 қазанында Аустрия империясының Райдинг қаласында туған. Композитор, пианист-виртуоз, педагог, дирижёр, публицист.Музыкалық романтизмнің үлкен өкілдерінің бірі. Музыкадағы Веймар мектебінің негізін қалаушы.Лист XIX ғасырдың мықты пианистерінің бірі болған. Композитор ретінде Лист үндестік, әуен, пішін және фактура салаларында біршама жаңалықтар ашты. Жаңа аспаптық жанрлардың негізін қалады (рапсодия, симфониялық поэма).Лист педагогикалық қызмет атқарды. Оған Веймарға барлық Еуропадан пианинистер келіп тұрған. Өзінің үлкен залында үйіне келген қонақтарға ашық сабақтар беріп тұрған және осы үшін ешқашан да ақша алмайтын. Лист Веймарда дирижёрлық қызметпен де айналысқан.