Сапиолла Молдағалиұлы Жакеевтің 90 жылдық мерейтойына арналған еске алу концерті өтті

15 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінде мектебімізде ұзақ жылдар бойы қызмет еткен ардақты ұстаз, виолончелист Сапиолла Молдағалиұлы Жакеевтің 90 жылдық мерейтойына арналған еске алу концерті өтті.

Еліне адал қызмет еткен ұстазды еске алып, есімін ұлықтап, өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау, ұрпаққа үлгі ету мақсатында өткен кеште оның шәкірттері және виолончелистер ансамблі өнер көрсетті.

Өзі өмірден өтсе де, ұрпақ болашағына, білім мен музыка кеңістігіне қосқан елеулі үлесі ел есінен кетпейді. Аяулы ұстаз Сапиолла Молдағалиұлының шәкірт тәрбиелеуге сіңірген өнегелі еңбегінің мектеп өмірінде алар орны ерекше. Өзінің педагогикалық қызметі үшін Сапиолла Молдағалиұлы Жакеев «Құрмет» орденімен, «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО Ағарту ісінің үздігі», «КСРО Еңбек ардагері» атақтарымен марапатталған.

Концертті ұйымдастырған және жоғары дәрежеде өтуіне атсалысқан Сапиолла Молдағалиұлының шәкірті Асель Жылкышиноваға алғыс білдіреміз!