Галина Алланазарованың 90 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті

КСРО Халық артисі, композитор, профессор Ғазиза Жұбановаға арналған I халықаралық орындаушылар байқауы аясында ұйымдастырылып отырған Галина Алланазарованың 90 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті.

Мерейтой барысында мектеп директоры Нұркен Нұрғалиұлы Әшіров Галина Алланазаровнаны Қ.Р мәдениет және спорт министрлігі атынан «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.

Алланазарова Галина Аллаевна – пианист, 60 жылға жуық Қазақстанда кәсіби музыкалық білім берген педагог, Ахмет Жұбанов және Күләш Байсейітова атындағы республикамыздың екі бірдей жетекші мамандандырылған музыка мектептерінің бастауында тұрған тұлға.
Галина Аллаевна – дарынды концертмейстер, педагогикалық және концертмейстерлік қызметті қатар алып жүрген музыкант. Концертмейстер ретінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының “Ішекті аспаптар” және “Халық аспаптары” кафедраларында Ахмет Жұбанов, Газиза Жұбанова, Болат Сарыбаев, Құбыш Мұхитұлы, Яков Фудиман, Иосиф Коган сынды профессорлардың сыныбында 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеген.