11 “Ә” сынып оқушылар “Көне сөздің қазынашысы” атты дөңгелек үстел өткізді

11 “Ә” сынып оқушылар “Көне сөздің қазынашысы” атты дөңгелек үстел өткізді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Сейдикенова оқушыларға Ақселеу Сейдімбектің өмірімен таныстырып, шығармашылығының тереңдігін сезіндіру, адамгершілік, ұлтжандылық эстетикалық, өнерпаздық тәрбие беру мақсатында өткізген дөңгелек үстелде оқушылар белсенді қатысты.

Сейдімбек Ақселеу Сланұлы – 1942 жылы 12 желтоқсанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келді. Әкесін соғыс жалмап, анасы жесір қалған Ақселеудің қайғы – қасіретін ұмыттырған әкесінің ағасы Аманбек пен Күләндә еді. Өмірге ғашық өрім жасты Аманбек ақсақал ерте танып, қатарынан қалдырмауға барын салды. Мектеп қабырғасында жүргеннен – ақ үкілі үміт арқалаған ақын атанып, өлеңдері баспасөз беттерінде жарық көрген.

Дөңгелек үстелде оқушылар Ақселеу Сейдімбектің өмір жолын айтып, шығармашылық ізденіс жасады.