Мектепке қабылдауға қосымша конкурстық іріктеу жариялаймыз

Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-да биылғы оқу жылында орындар босағанына байланысты, ағымдағы жылдың 31 тамыз күні оқушыларға қосымша қабылдау жүргізілетінін хабарлаймыз!

  • арнайы фортепиано;
  • ішекті аспаптар (скрипка, контрабас);
  • үрлемелі және ұрмалы аспаптар (кларнет, фагот, валторна, тромбон, және ұрмалы аспаптар);
  • халық аспаптары (домбыра, қобыз, домбра-прима, шертер).

31 тамыз, сағат 09.00-де талапкерді мектепке тыңдауға алып келу қажет. Мектепке қабылданған жағдайда құжаттарын қабылдаймыз.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Әуезов к-сі, 66/5

Анықтама телефондары: 8 (727) 375 55 42;

Мухсимова Дина – 8 707 113 08 97;

Ардақұлы Алмат – 8 701 838 15 30 (WhatsApp).