Г.С. Бейсембаеваның «Жас пианистің дәптері» атты жинағының тұсаукесері өтті

Арнайы фортепиано бөлімінің ұстазы Г.С. Бейсембаеваның «Жас пианистің дәптері» атты жинағының тұсаукесері өтті. «Жас пианистің дәптері» атты жинақ мазмұны жағынан балалардың дүниетанымына жақын, музыкаға енді қадам басқан жас бүлдіршіндерге ыңғайланып нотаға түсірілген. Алғашқы пьесаларға арналған материалды жақсы меңгеру үшін балалар бір уақытта ойнап, ән айта алатындай мәтіндер жазылған.Бұл жинақта бастауыш жəне орта сынып оқушыларына бұрын басылып шығарылмаған пьесалар ұсынылған. Жұмыс барысында автор көпжылдық педагогикалық тəжірибеге сүйенген. Осыған байланысты пьесалар legato (Мен ақылдымын, Анашым, Сезім), staccato (Жаңғырық, Тамшылар) сияқты əдістерді дамытуды көздеген. музыкалық жəне техникалық міндеттерді атқарады. Талпыныс шығармасы этюд жанрында жазылып, оқушылардың алдына техникалық міндеттер қояды.Екінші бөлімде «Назқоңыр», «Ағажан Лятипа» сияқты қазақ халық əндерінің төрт өңдеуі бар. Назар аударарлық жайт, Назқоңыр өлеңін өңдеу барысында, автор шығарманы үш бөлімді көлеміне дейін дамытқан. Пьесалар балаларға қол жетімді музыкалық тілімен ерекшеленеді.