«MAESTRO» халықаралық концерттік фестивалінің II орын лауреаты

«MAESTRO» халықаралық концерттік фестивалінде хор дирижерлеу бөлімінің оқушысы Абдрахман Мадина II орын лауреаты атанып, Ереван қаласына саяхаттап қайтты. Ұстазы Альфия Берікбосынқызы Ахаева алғыс хатпен марапатталды. Maestro халықаралық музыкалық байқау-фестивалі 2022 жылы қоғамдық ұйыммен құрылған. Оның негізгі мақсаты – індеттен кейінгі кезеңде жас өнерпаздардың музыкалық және орындаушылық шеберліктерін арттыру, түрлі ұлт өнерпаздарының басын қосып, бірлесе жұмыс істеу, музыка өнерін кеңінен насихаттау. Ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында Қазақстан, Австрия, Италия, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Армения Республикасынан 470 музыкалық орындаушы қатысты – 7 номинация бойынша «Maestro» I Халықаралық музыкалық байқау-фестивалі өтті. Қатысушылардың өнерін әртүрлі санаттағы халықаралық қазылар алқасы бағалады. Мадинаны құттықтаймыз және алар асулары көп болсын деп тілейміз!