Алғаш рет «Cello дауысы» І халықаралық виолончелистер конкурс-фестивалі өтті

25-27 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Cello» дауысы халықаралық виолончелистер байқауы өтті.

Конкурс-фестивальдің мақсаты: жас дарындарды қолдау, олардың болашағына жол ашу, виолончель аспабында орындалатын Қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен насихаттау. Оқушылардың виолончель аспабындағы орындаушылық шеберлігін арттыру, кәсіби бағыт-бағдар беру. 

Байқауға еліміздің жан-жағынан әрі шет елдерден көптеген жас музыкант қатысты. Сонымен қатар байқау барысында танымал музыканттармен мастер-класстар өтті. Байқаудың өтуіне қолдау білдірген – Алматы қаласының әкімдігі. Ұйымдастырушы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Буенбаева Гульмира Жумадиловна.

«Cello дауысы» І халықаралық виолончелистер конкурс-фестивалінің әділқазылар алқасының құрамында болғандар:

1)    Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Манас» президенттік камералық  оркестрінің солисті және виолончелистер тобының концертмейстері, Қырғыз мемлекеттік консерваториясының және М.Абдраев атындағы мамандандырылған музыка мектебінің виолончель сыныбының ұстазы, алқа төрағасы  – Ташибаева Аида;
2)    Астана қаласы, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті, халықаралық конкурстардың лауреаты – Кульмаметов Равиль Рахмиевич; 
3)    ҚР «Мәдениет Қайраткері», К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РОМММИ-ның виолончель, контрабас, арфа бөлімдерінің меңгерушісі – Нуржанова Бибифатима Нугмановна;
4)    Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Ахмет Жұбанов  атындағы дарындағы балаларға арналған РҚМММИ үрмелі аспаптар бөлімінің меңгерушісі – Исенов Тасмухан Жақсығалиұлы;

5)    Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Ахмет Жұбанов  атындағы дарындағы балаларға арналған РҚМММИ ішекті аспаптар бөлімінің ұстазы. мектебіміздің “Giovani talents” камералық оркестрінің және симфониялық оркестр дирижері және көркемдік жетекшісі – Буенбаева Гульмира Жумадиловна.