Ермұрат Үсеновтің 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында мектебіміздің ұстазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, халықаралық, республикалық композиторлар конкурстарының бірнеше дүркін лауреаты, ІІ дүркін Гран-При иегері, ұлағатты ұстаз, биік парасат иесі композитор Ермұрат Үсеновтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Бабалар аманаты» атты шығармашылық кеші өтті.