«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты кездесу кеші

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты кездесу кеші өтті. Желтоқсан оқиғасына қатысқан қонақтар келіп, бастарынан өткен оқиғалары һәм естеліктерімен бөлісті: «Желтоқсан-Алматы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандыбай Серікбек Дүрімбайұлы, «Желтоқсан-Алматы» қоғамдық бірлестігінің орынбасары Токсеитова Сапура Паритқызы, «Желтоқсан-Алматы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері – Байболов Ермек Тұрсынұлы, Абдулина Дина Орынбайқызы, Жакишева Гүлбараш Абжаппарқызы, Бақыткүл Зәкіржанқызы, Әділханова Жаңылдық Байдуллақызы. Мерекелік кездесуді ұйымдастырғандар: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Батырбекова Светлана Мұратқызы және тарих пәнінің мұғалімі – Қияқбаева Света Серікбайқызы. Оқушылар қонақтарға сұрақтарын қойып, жауап алды. Шара барысында патриоттық тақырыпта өлеңдер оқылып, ән айтылды, күй шертілді. 1986 жылдың желтоқсанында алаңға шығып, кеңес билігіне наразылық көрсеткен жастарды да қаһарлы империядан сескендірмеген күш те осы Азаттыққа деген аңсау екені сөзсіз. Шынында да Желтоқсан көтерілісі азаттық таңы ататын күннің жақындап қалғанын сездірген оқиға еді. Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан көтеріліс болды.Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!