«DALA Classic» компаниясы жас дарынды музыкантқа қолдау білдірді

«DALA Classic» музыкалық агенттігінің басты миссияларының бірі – жас дарынды музыканттарды қолдау. Осы жобаның бастамасы ретінде меценаттың қолдауымен мектебіміздің 4 – сынып оқушысы Ысқақов Сұлтанға (Ұстазы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Исенов Тасмұхан Жақсығалиұлы) кәсіби кларнет аспабы сыйға тартылды. Жақында Сұлтан Grandiose III international music competition of Turkey халықаралық байқауында I жүлдені жеңіп алған болатын. «DALA Classic» компаниясына жас дарынды музыкантқа қолдау білдіргені үшін алғыс білдіреміз!