Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына орай, теория және композиция бөлімінде дөңгелек үстел өтті.

Мектебімізге Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының «Қазақстан тарихы және қоғамдық ғылымдар» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Садықова Айгүл Егінбайқызы келіп «Темірбек Жүргенов – ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы Қазақстандағы мәдени жаңғырту идеологы» тақырыбында баяндама оқып берді.