Наурыз мейрамы аталып өтті

Мектебімізде Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Әр сынып, әр бөлім өз алдына бір ауыл болып, ұлттың ұлы дәстүрін дәріптеді. Бірі ән шырқап, бірі би билеп, енді бірі ұлттық өнерден көрініс қойып, мерекенің көркін қыздырды.

Ақсақалдар ақ батасын беріп, игі тілек айтты. Көңілде – шаттық, жүзде – қуаныш, жүректе – мейірім орнады. Тіпті әлемді таң қалдырған әсем әжелеріміз келіп, ұлттық киім аясында үлгі көрсетті. Одан бөлек түрлі қолөнерден көмкерілген көрме өтті.

Бесікке салу, Беташар, Тұсау кесер сынды түрлі салт-дәстүрлер, мәдени шаралар өткізілді.
Осындай тағылымды дүниелер өскелең ұрпақтың өз тарихын танып, тамырын тереңге жаюына, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, рухани кемелденуіне зор ықпал етері сөзсіз.