8 қыркүйек күні мектебімізде 7–12 сынып оқушыларына арналған «Кәмелетке толмағандар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық» тақырыбында танымдық әңгіме өтті.
Іс-шараға директордың м.а. Қадырханова Риммат Қадырхановна, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Искакова Жанар Шамшыхановна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары м.а. Жакишева Гулбараш Абжапбаровна, директордың музыка ісі жөніндегі орынбасары м.а. Иемкулова Жазгүл, сондай-ақ мектеп инспекторы полиция капитаны Акимова Диана Хитахуновна, Утебаева Мадина Джумакожаевна, мектеп заңгері Амандосов Б., әлеуметтік педагог Абдуллаев М.Т. және мектеп психологы Аксакалова М. қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу, заңды құрметтеу және өз құқығын білу жөнінде маңызды ақпарат берілді.
Жиын соңында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды. Бұл кездесу жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.

