Дарынды шәкіртіміз Нұрали Саятөткен жексенбі күні «Жұлдызды жол» музыкалық тележобасында«Халық аспаптары» номинациясы бойынша өнер көрсетті

Бұл — еліміздің ең үздік жас орындаушылары қатысатын,
ұлттық өнер мен сахна мәдениетін дәріптейтін ерекше жоба.
Жоба Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.

Нұрали өз шеберлігін көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Сонымен қатар ол ең жоғары — 40 балл жинап, жобада ерекше нәтижеге қол жеткізді.
Мектебіміздің шәкіртіне шығармашылық шабыт пен үлкен жеңістер тілейміз!