“Әркімнің дауысы маңызды: 5-12 сыныптарда сынып сағаты өтті
Мектебімізде 5-12 сынып оқушылары үшін бірыңғай сынып сағаты өтіп, демократияның негізі саналатын сайлау процесінің маңызы талқыланды.
Іс-шара барысында оқушылар сайлау жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсініп, азаматтық жауапкершілік пен белсенді қатысудың рөлі туралы ой бөлісті.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларды ел болашағына жауапты тұлға ретінде қалыптастыру және әркімнің дауысы қоғамдағы өзгерістерге ықпал ететінін ұғындыру.