Наурыз — жыл басы, көктемнің шуақты мезгілі!

Бұл мереке тек табиғаттың жаңаруы ғана емес, сонымен қатар, қазақ халқының бай дәстүрі мен мәдениетінің көрінісі.

Мектебімізде Наурызнама онкүндігі өз шымылдығын ашты!
Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарланып, бастау алды.

Сонымен қатар, #дәстүрліжұма жобасы жалғасуда! Бұл жобаның аясында ұлттық нақыштағы киімдерімізді киіп, қазақ мәдениетін және дәстүрлерін дәріптеп, бірлігімізді нығайтуға күш салудамыз.

Әр жұмада, әрбір оқушы ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу арқылы Наурыздың маңыздылығын тереңірек түсінуде. 🌟

Наурызнама онкүндігі жалғасады, әрі қарай қызықты шаралармен қатар жүре бермек!