№4 кітапханада Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына арналған «Алтын Орда – қазақ мемлекетінің бастауы» атты тарихи кеші өтті.
⠀
Осы іс-шараға біздің мектебіміздің оқушылары да ат салысып, қазақ даласында осыдан сегіз ғасыр бұрын құрылған алып империя Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойында өз өнерлерін көрсетті.
⠀
Жошы хан негізін қалаған, Алтын Орда шығысы Алтай тауынан басталып, батысы Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан ғаламат үлкен мемлекет болды. Үш жүз жылға жуық салтанат құрған сәулетті-сәулелі Ұлық ұлыс тарих көшінде Қазақ хандығының бастауы болып саналады. Бұл мәдени шарада жас ұрпақ Алтын Орда дәуіріндегі Қазақ елінің айбынды мақтан тұтарлық тарихымен, тұрмыс-салтымен, әдеби жәдігерлерімен, Ұлы даланың тарихи тұлғаларымен танысып, азаматтық белсенділіктерін арттырып қайтты.