Концертмейстерлік шеберлік бөлімі

1964 жылы А.Жүбанов атындағы республикалық музыка мектебі ашылған уақытта концертмейстерлер бөлімінің ұстаздар құрамы аз ғана болды. Уақыт өте келе мектеп оқушыларының саны артып, бөлім ұстаздарының саны да көбейді.

Бөлімнің алғашқы концертмейстерлері ретінде Г.А.Алланазарова, Т.И.Манжосова, Л.Н.Щербакова, Л.Л.Минина, Г.А.Синякова жас орындаушыларды тәрбиелеу мен қалыптастыруда үлкен еңбек атқарды.

Осы кісілердің еңбек жолын Ф.З.Амантурлина, Э.С.Валиева, Г.А.Рысдаулетова, Р.С.Тулемисова, М.Н.Мендіғалиева, Е.И.Шалкова, С.К.Абдрахманова сынды білікті ұстаздар жалғастырып, оқушылардың түрлі байқауларда лауреат атануына көп септігін тигізді.

Бітіруші түлектеріміз жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін өзі білім алған шаңыраққа қайта оралып, ұстаздық қызмет атқаруы біздің мектебімізде дәстүрге айналған. Сондай ұстаздардың қатарында Б.Айгалкаева, А.Айдабулова, Г.Бейсембаева, Р.Кадырханова, А.Мукашева, А.Исенова, А.Ташимова, Д.Орынбекова, А.Бегендікова, Г.Мухамеджанова, Г.Сенбиева, Ш.Кокыбасова және т.б. бар.

Кейінгі жылдары бөлім ұстаздарының құрамы жас мамандардың келуімен толықты. Жас мамандар А.Тілеубердіқызы, А.Бектаева, А.Өтетлеу, А.Акрамханова мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, жемісті еңбек атқарып келеді.

Қазіргі таңда концертмейстерлер бөлімінде 40-қа жуық тәжірибелі ұстаздар қызмет атқарып, мектебімізде ең үлкен бөлімдердің біріне айналып отыр. Бөлім меңгерушісі Р.К.Қадырханова.

Бөлімде төмендегідей іс-шаралар кеңінен жолға қойылған:

  • Концертмейстерлер филармония, консерватория, мектепте өнер көрсетеді;
  • Қазақстанда және шет елдерде өтетін республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдерге қатысады;
  • Әдістемелік кұралдар, жинақтар шығарады;
  • Емтихандарда, сынақтарда оқушылармен бірге өнер көрсетеді;
  • Концертмейстерлік шеберліктерін және кәсіби біліктіліктерін үнемі жоғарылатып отырады.

Концертмейстерлер бөлімі жас ұрпақты тәрбиелеу, кәсіби маман даярлау жолында талмай еңбек етіп келе жатқан бірден бір ұжым болып саналады.