Жалпы білім беру бөлімі

А.Жұбанов атындағы балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатына – 55 жыл. Осы жылдар ішінде жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру жолында ерінбей, талмай еңбек етіп келе жатқан бөлімдердің бірі – жалпы пәндер бөлімі.

Бала игілігіне арналған бастамалардың, іс- әрекеттердің ұйытқысы бола отырып, ұрпақ болашағына үкілі үмітпен қарай білген, педагогикалық және шығармашылық шеберлігін жас буын ұстаздардың бойына дарыта білген мектептің алғашқы күндерінен бастап еңбек еткен Жәния Мусина, Қаусария Ажғалиева, Бақыт Қүрманова, Рахия Шапақова, Күлғайша Базарбекова, Мұсан  Үсіпбаев сынды алтын діңгек ұстаздарымыздың есімін ерекше айтуға болады.

Қазіргі таңда жалпы пәндер бөлімінде 35 мұғалім жұмыс жасайды. Бастауыш сынып мүғалімдерінің қатарында Г.А.Жакишева, А.С.Нусипбекова, Т.М. Динжанова, А.А.Джанпейісова, Г.Б.Полатова, А.А. Рыскулова, Ж.М.Нұрділдаева, А.С.Трукпеновалар; қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Н.Қ.Жырғаланова (директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары), Г.Р.Умиркулова, Н.С. Султанова, А.Н. Аманова;  орыс тілі пәнінің мүғалімдері С.М.Батырбекова (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары), А.Т.Жарылғасова, М.К. Искакова, ағылшын тілі пәнінің мүғалімдері Г.Ж.Раимова, З.Н.Ускембаева, Ж.Б.Жанкеева, Ә.Е. Қадыртайқызы, тарих пәнінің мұғалімі С.С.Қияқбаева; математика пәнінің мұғалімдері С.Ж.Сабырова, Г.Жагслаг,  химия пәнінің мүғалімі Д.О.Абдулина, география пәнінің мұғалімі К.Т.Даркембаева, биология пәнінің мұғалімі А.Д.Қазақбаева, физика пәнінің мүғалімі    А. Т. Төлеш, информатика пәнінің мұғалімдері Г.Ж. Жартаева, Г.А. Батық, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Т.Т. Елубаева, ; психолог   М.С. Аксакалова  және А.Н. Рахметолла, АӘД пәнінің мұғалімі С.А. Игимбетов, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Қ.Сейітов,С.С. Омишев, Е.А. Жанпейіс сияқты  мұғалімдер оқушылардың бойына білім нәрін сіңіріп, өнегелі тәрбие беруде. Бөлімде бастауыш сынып пәндер бірлестігі, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігі, жаратылыстану пәндер бірлестігі, ғылыми-шығармашылық бірлестік, сынып жетекшілер бірлестіктері жүйелі түрде жұмыс жасап, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып отырады.

Мектеп оқушылары жалпы пәндерден де республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар сайысында, түрлі байқауларда мектебіміздің намысын қорғап, алдыңғы қатарлы жүлделі орындарды иемденіп, жан-жақты дарын иесі екенін сан мәрте дәлелдеп келеді.

Мектебімізде оқушылардан құрылған “Жас толқын” патриоттар клубы жұмыс жасайды. Клуб мүшелігіндегі жоғарғы сынып оқушылары түрлі тақырыптарға арналған кештер, кездесулер, конференциялар ұйымдастырып, өзін- өзі басқару жұмысына белсене қатысып, оқушылар арасында шығармашылық байланыс орнатылған.

Жалпы пәндер бөлімінің ұстаздары қатарында еңбегі еленіп, мектеп әкімшілігі тарапынан, қалалық білім басқармасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен, ҚР Білім беру ісінің құметті қызметкері, т.б. төсбелгілермен марапатталған.