Хорды дирижерлеу бөлімі

Бейімбет Демеу, Мақпал Жүнісова, Толқын Забированың есімін ел-жұртқа таныстырып жатудың өзі артық. Ұзақ жылдар бойы құрмет пен қошеметке бөленіп, еңбегі мен талантының арқасында халықтың сүйіктісіне айналған өнер өкілдері. Дегенмен, олар тірнектеп жиған абырой-даңқтың арғы жағында А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының хор дирижерлау бөлімі ұстаздарының үлесі жатқанын біреу білсе, біреу білмес.

1964 жылы дарынды қазақ балаларына арнап ашылған мектеп-интернат алыстағы ауылдан келген талапкерлердің өмірдегі, өнердегі жолын айқындап берді. Аспаптық бөлімдермен қатар, теориялық құрамға кіретін хор дирижерлау бөлімі ашылып, алдына аса маңызды міндет қойды. Педагог-дирижерлар жас таланттардың тыңдап-түсіну танымын кеңейтіп, дирижерлік сабақтарға қызығушылығын оятты. Ең бастысы, ұлттық кадрларды нығайтып, хор жетекшілерін дайындау ісі қолға алынды. Пысықталған тапсырмаларды орындау консерватория оқытушылары, республикаға танымал хормейстрлер Т.Н.Нұрымбетов пен Б.С.Кутуновқа жүктелді. Т.Н.Нұрымбетов бөлімді он жыл басқарып, 1970 жылдары кәсіби балалар хорын өмірге әкелді. Әрі қарай өсіп-өркендеуіне бар күш-жігерін жұмсады.

1975 жылы балалар санының көбеюіне байланысты мектеп әкімшілігінің шешімімен бөлім өз алдына жеке бөлініп шықты. Жетекшілікке В.Н.Мамизеров бекітілді. Өз мамандығына ессіз ғашық ерекше дарын иесі, талантты ұстаз В.Н.Мамизеров маңайына балалармен жұмыс істей білетін кәсіп иелерін жинақтады. Тәжірибелі мұғалім М.Р.Жәрдемәлиева, Т.А.Сәбитованың қатарына консерваторияны жаңа бітірген Ғ.С.Тотанова, А.А.Зиналиева, Н.Ю.Харченко сынды жастар қосылды. Нақ осы жылдары М.Н.Мамизеров жетекшілігіндегі мектеп хоры танымалдық шыңына көтерілді. Ұжымның концерттік қызметі – үкіметтік концерттер мен теле-түсірілімдерге қатысу, радиоға ән жаздыру, фестивальдерде бақ сынау сияқты толып жатқан ауқымды шараларды қамтыды. 1978 жылы Мәскеудің Үлкен театрында өткен үкіметтік концертте Е.Рахмадиевтің «Конституция туралы поэма» кантатасы орындалды.

Хор ұжымының жоғары жетістікке жетуіне, әрине, жетекшінің ықпалы зор. Хормейстердің жұмысы дирижерлік техниканы меңгерту ғана емес, хор партитураларын оқу, дұрыс дыбыс шығара білу дағдыларына үйрету. Жеткіншекті өз ісіне мығым жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Бөлім ұстаздары бұл көздеген мақсаттарына баланың шығармашылық қабілетін ашуға арналған жекелей сабақтар барысында қол жеткізіп отырды.

Ұстаздар еңбегінің жемісі – мектеп түлектері. Мәселен, Б.Демеу – Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор каппеласының бас дирижеры және көркемдік жетекшісі, К.Асанәлиева, Г.Әлуақасова, Қ.Баймулдинова, Ж.Сакибекова, А.Сұлтанова, Б.Абирова, Д.Саймасаева, А.Ахаева, Л.Байжүнісова Г.Жамықанова, Р.Балтиева және тағы басқалар – еңбек жолын ұстаздық қызметпен жалғастырды. Бөлім қызметкерлері қалыптастырған кәсіби база бітіруші жастардың республикамызда ғана емес, Ресей, Еуропа жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндік берді. Мысалы, Т.Жартыбаев (ұстазы Ғ.С.Тотанова) – П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының әскери-дирижерлік кафедрасын бітіріп, қазір Қазақстан Республикасы мемлекеттік үрлемелі аспаптар және Президент оркестрінің әскери дирижері. Г.Жамықанова 147 – Мюнхендегі Рихард Штраус атындағы консерваторияны тәмамдап, шығармашылық жолын Германияда жалғастырып жүр. Е.Дүйсебаев (ұстазы Қ.Т.Баймулдинова) – Қазан консерваториясын Қазақстан және Татарстанның халық артисi, профессор Ф.Мансуровтың қолында тәмамдады. Д.Төлеев (ұстазы Ғ.С.Тотанова), Л.Шәкенова (ұстазы Л.Р.Жүнісова) – Мәскеу консерваториясының студенті. К.Құрал (ұстазы Ғ.С.Тотанова) – Мәскеудегі В.С.Попов атындағы вокал және хор өнері академиясында білім алады. Түлектер арасынан Б.Оралбеков – (ұстазы Ғ.С.Тотанова), Т.Андосов (ұстазы Н.Ю.Харченко) сияқты композиторәрлеушілер, З.Қасымова, Т.Забирова (ұстазы Ғ.С.Тотанова) сынды ғалымпрофессорлар шықты. Бұл тізімді басқа бөлімнің балаларымен де толықтыруға болады. Өйткені хор сабақтары 1–4 сыныптан үйретіліп, кейін мектептің міндетті бағдарламасына енеді. Осыған орай, кіші және жоғары сыныптарға арналған арнайы оқу бағдарламалары құрастырылды.

Әр жылдары балалар кіші хорының жетекшілері Н.Ю.Харченко, Ғ.С.Тотанова, А.А.Зиналиева және жоғары сыныптар хорының жетекшілері – В.Н.Мамизеров, Н.Ю.Харченко, Қ.Т.Баймулдина, Ш.К.Бүркітбаева, Л.Р.Жүнісова, Е.Х.Дүйсебаев болды. 1995–2013 жылы жоғары сынып хорына А.Б.Ахаева жетекшілік етті. Альфия Берікқызы орындаушылық, Н.Ю.Харченко мектеп хорымен Қазақконцерт ғимаратының алдында «Ақ тілек» балалар хоры 148 ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында батыл шығармашылық қадамдар жасады. М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсынан үзінді, Т.Қажғалиевтің «Одағым», А.Жұбановтың «Қарлығаш», «Ақ көгершін» әндері, А.П.Бородиннің «Князь Игорь» операсындағы «Половецкие пляски» қойылымы, В.А.Моцарттың «Regina coeli», Вивальдидің «Глория» кантатасы сынды күрделі туындыларды хор репертуарына енгізді. Оқытушылардың кәсіби дайындығының өсуіне, өмірлік тәжірибесін жетілдіруге Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы хор дирижерлау кафедрасымен жасалған қоян-қолтық жұмыс септігін тигізді.

1994 жылы Президент бастамасымен, Мәдениет министрлігінің тапсырмасымен А.Жұбанов мектебінде «Ақ тілек» ұлдар хоры құрылып, хор дирижерлау бөлімінің беделін өсіре түсті. Жетекшілік қызметке В.Н.Мамизеровтен дәріс алған мектеп түлегі Қарлығаш Баймулдинова лайық деп табылды. Аз уақыт ішінде репертуар түзіліп, Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Мәдениет министрлігі ұйымдастырған шараларда өнер көрсетті. 25 жыл бойы «Ақ тілек» балалар хоры үкіметтік және мектептің есептік концерттерінен тыс қалған емес. 2019 жылдан бастап ұлдар хорының жетекшілік жұмысын Ляззат Жүнісова жоғары дәрежеде атқарып жүр.

Қазіргі уақытта А.Б.Ахаева жетекшілік ететін хор дирижерлау бөлімі сан қырлы музыканттарды бір мүддеге жұмылдырып, әртүрлі жанрда, стильде жұмыс істеп отырған ынтымағы ұйысқан ұжым. Ғ.С.Тотанова, А.Б.Ахаева, Л.Р.Жүнісова, А.Тубажанова, Н.Касимов хор дирижерлау бөлімінің өрістеуіне аянбай қызмет етуде. Қ.Баймулдинова – дирижерлау және хор партитураларын оқыту, Ғ.С.Тотанова – хор жүргізу және хор аранжировкасы, А.Б.Ахаева – педагогикалық тәжірибе, хор сыныбы және хорға ыңғайланған шығармалар бағдарламасын дайындады. Бішкек, Түркия қалаларына табысты гастрольдер өтіп, бөлім шәкірттері хор олимпиадаларында бақ сынады. Д.Төлеев, Л.Шәкенова, М.Кұлниязова, Қ.Мұқажанова, Н.Жүнісхан, А.Жүсіпова, Т.Әбдіғұлова, К.Есеева, А.Құдайберген, Ғ.Мыңжасарова жүлделі орындарға ие болды.

Хор дирижерлау бөлімінің ұстаздары 55 жылдан бері балалардың дауыс ерекшеліктерін ескере отырып, музыкалық тәрбие әдістерін жетілдіріп келеді. Төменгі-жоғары сынып және ер балалар хорындағы әр оқушының тембріне қарай жұмыс жасалады. Музыка ырғағы арқылы есту, есте сақтау қабілетін қалыптастырады. Орындаушылық өнерін дамытуға арналған түрлі тапсырмалар беріледі. Поэтикалық мәтінді жаттап, көркем образ жасау жолдары түсіндіріледі. Осындай тыңғылықты еңбектің арқасында өнер көгі әлі талай жарқыраған жұлдыздармен толыға берері анық!