Халық аспаптар бөлімі

Халық аспаптар бөлімінің мектебімізде алатын орны ерекше. Қазақстанға белгілі өнер майталмандары осы бөлімнің негізін қалады. Атап айтсақ, бөлімнің алғашқы меңгерушілері ҚР халық артисі, профессор Фатима Балғаева, ҚР білім беру ісінің үздігі Исахан Айтжанов және профессорлар Хабидолла Тастанов, Малгаждар Аубакиров, Құбыш Мұхитов, Петр Кан, Федор Легкунец, Зере Бейсембаева, Темір Исалиев, Гульжан Бегендикова. Сондай-ақ, 1977 жылы Республика бойынша мектебімізде алғашқы қыл қобыз класы ашылып, Әбдіманап Жұмабеков ұстаздық қызмет атқарды. Сонымен қатар, профессорлар Айтжан Тоқтаған, Абдулхамит Райымбергенов, Біләл Искаков, Базархан Қосбасаров, Ғалия Молдакаримова, Зәуре Смақова, Сәбен Барибаев және аға оқытушылар Сұлтан Қожахметов, Гүлперизат Ұлтарақова және т.б. ұстаздар жемісті еңбек етті.

2016 жылдың күзінде мектебімізде, қобыз сыныбының алғашқы ұстазы және бөлім меңгерушісі Қазақстанның халық артисі, профессор Фатима Жұмағұлқызы Балғаева атындағы залының ашылу рәсімі өтті.

Бөлім меңгерушісі – осы мектептің түлегі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері – Айгүл Узматқызы Сабденалиева. Оқушылар домбыра, қыл-қобыз, қобыз-прима, баян, домбыра-прима, шертер мамандықтарымен қоса дирижерлық, аспаптандыру, композиция, домбырамен ән салу және көне фольклорлық аспаптарды меңгеруде. Бөлімнің 50 жылдық мерейтойына байланысты желтоқсан айында  «Қазақконцерт» залында Гала-концерт өтті. Бөлімде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Ермұрат Үсенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ерболат Мұстафаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Әмзе, «Құрмет» орденінің иегері, өнер тану ғылымының кандидаты Талғат Мукушев, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Болатбек Бимырзаев, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Алтынгүл Шуженова, Сағат Картенбаев. Халықаралық және республикалық конкурстарының лауреаттары Талғат Орынтаев, Саян Ақмолда, Данияр Байжұманов, Ақмарал Сарсенғалиева, Ғалымжан Нарымбетов, Гүлназ Булаева, Мақпал Манасбаева, Мадина Шарипова, Біржан Алиев ұстаздық етеді. Бөлім бойынша көптеген шығармашылық ұжымдар; халықаралық фестивальдардың лауреаттары, халық аспаптары оркестрі жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген артисі Жалғасбек Бегендиков, «Асыл мұра» домбырашылар ансамблі жетекшісі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Мақсұтхан Ташимов, «Жез киік» қобызшылар ансамблі жетекшісі, ҚР білім беру ісінің үздігі Төрехан Карибаев, «Ақжелең» этно-фольклорлық ансамблі жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері Ықылас Нурғалиев, «Қоңыржай» қыл қобызшылар ансамблі жетекшісі, республикамызға белгілі күйші, өнер зерттеушісі  Саян Ақмолда.

Бөліміміздің түлектері Қазакстанның барлық өңірінде, өнер мен мәдениет саласында қызмет етеді. Атап айтсақ, Қазақстанның халық артисі Мақпал Жүнісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тәттімбет атындағы академиялық  халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Дүйсен Үкібай, «Астана опера» Мемлекеттік опера және балет театрының дирижері Руслан Баймурзин, ҚР еңбек сіңірген артисі Құндыз Қаламбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Әлқуат Қазақбаев, Асылбек Еңсепов,  Ерлан Рысқали, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің профессоры Сабира Кусаинова, Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің профессоры Қамаш Намазова. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары Раушан Оразбаева, Марат Анашев, Ерлан Бақтыгереев, Ғазиза Габдрахимова, Кенжегүл Мұсаева, Айнагүл Искакова, Айдана Жанабаева, Толқын Қаңтарбаева, Айгерім Қарсақбаева, Салтанат Құдайбергенова, Әбілғазы Ахмадиев, Ботагөз Ташимова, Ақнар Шарипбаева, Асель Калекешова, Алмат Сайжанов,Жанар Жетписова, Равиль Отарбаев, Балжан Жунусова, Сымбат Несіпқазықызы, Айнұр Рахимова және т.б.