Интернат

Тәрбие жұмысы мектеп жанындағы балалар үшін басты нәрсе. Жеткіншектердің келешекте қандай азамат болуы мектеп- интернатта берілген тәрбиемен тығыз байланысты. Тәрбие жұмысы қаншалықты қиын, жауапты болса, соншалықты құрметті. Тәрбиешілер ұжымы осы міндетті көкейлеріне түйген. Шалғай облыс, ауылдан келген өнерлі оқушылардың тамағының тоқ, көңілінің шат болуына жағдай жасап, анасындай маңдайынан сипап, мейіріне бөлейді.

Мектеп-интернатта 19 тәрбиеші (2 тәрбиеші қосалқы) жұмыс істейді. Олардың барлығы да жоғары білімді, білікті мамандар. Күндізгі ауысымда 16 тәрбиеші, түнгі ауысымда 4 тәрбиеші, жексенбі күні 1 тәрбиеші кезектесіп жұмыс атқарады.

Оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген тәрбиешілеріміз бар. Олар: интернат меңгерушісі Қ.Темірбекова («Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері»), Н.Асқарова, М.Садықбекова («ҚР Білім беру ісінің үздігі»), Мурасқалиева Г., Бекимова Д., Қуанышбаева М., Атабекова Г., Райымқұлова Ж., Раймкулова Б., Мамырбекова Г., Кентыбаева Л., Исаева Г., Далишева Н., Темірбекова З.,  Рахымберген Қ. Түнгі тәрбиешілер: Жаңатілеуова С., Алпысбаева А., Жанпейсова А. Жексенбілік тәрбиеші: Дінжанова Т.

Интернатта дәрігерлік қызметі де жолға қойылған. Бас дәрігер Г.Б.Төлепбергенова, медбике Ш.Саурыкова еңбек етіп келеді. Сонымен бірге, екі кітапхана бар. Кітапханашы Г.Абилкасимова (оқу залы), ноталық – Сегізбаева З. балалармен тығыз жұмыс жасайды.

Интернатта тәрбиеленушілердің саны – 235. Оның 131-і қыз бала, 104-сі ұл бала. Интернатта 54 жатын бөлмесі, 2 ойын залы, 1 асхана жұмыс істейді.